389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жылу желілерінің 65%-дан астамы әбден тозған

  • 421
  • UPD: 12:15, 23.09.2018
Петропавлда жылу желілерінің 65%-дан астамы әбден тозған

Салдарынан облыс орталығында өткен жылыту маусымы кезінде 60-қа жуық апат тіркелді.

Қазір бұл мәселе өңірде өткір тұр. Сондықтан жылумен қамту мекемесі биыл үш бірдей жылу магистралін жаңасына ауыстыруды жоспарланған еді. Алайда шетелдік банк несиені мақұлдамаған соң жұмыстар келер жылдарға шегерілді. Мұнымен қоса, өткен жылы жөндеу жұмыстарының кеш басталуына байланысты шаһар күзде жылусыз қалған еді. Әкімдіктегілер биыл жағдай қайталанбайды деп отыр. Қалаға қыркүйектің 12-інен бастап жылу беріле бастады.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Биыл күрделі жөндеу жұмыстары аясында 12 шақырым желілерді ауыстыру көзделген болатын. Қазіргі кезде жұмыстардың 88%-ы орындалды. Яғни 10,5 шақырым желілер ауыстырылды. Оның 4,5-ға жуығы бұл бізде магистраль тораптары, қалғаны таратушы желілер. Бұл мақсатқа 218,5 миллион теңге бөлінген болатын.

Хабар 24 телеарнасы