366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауылшаруашылық саласына қаржы көптеп бөлу – жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік

  • 111
  • UPD: 13:56, 06.10.2018

Түркістан облысында мал шаруашылығын өрістетіп, оның етін экспортқа жіберіп отырған серіктестік иелері «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуын құптайды.

Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауын мұқият зерделеген кәсіпкер Сырым Ертаев: «ауылшаруашылық саласына қаржы көптеп бөлінсе, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік болады», – дейді. Сырым Махамбетұлы басқаратын шаруа қожалығы 12 мың ірі қара бордақылайды. Иран Ислам Республикасы мен көршілес Өзбекстанға ет тасымалдайды. Биылдың өзінде Иран мен Өзбекстанға 2 мың тонна ет саудалады. Серіктестік басшысының айтуынша, біздің етке шет мемлекеттен сұраныс өте жоғары. «Алайда оны өткізу үшін істің көзін таба білу керек», – дейді кәсіпкер. Аграрлық салаға жасалатын мемлекеттік қолдау енді шарушалық жұмысының аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Серіктестік басшылары соны пайдаланып, тағы 10 мың ірі қара бордақылайтын кешен құрылысын бастауға ниетті. 

Сырым Ертаев, шаруа қожалығының төрағасы:

- Жолдауда 2020 бағдарламаны 2025 жылға дейін созу туралы айтылды. Ол бізге үлкен қолдау десе де болады. Сонан соң несиелер беру, қаржыландыру жөнінде, экспортқа шығарып жатқандарды, бизнесті қорғау деді. Бұл кәсібімізді дамытуға септігін тигізеді. Енді біз қаржыны алып, үлкен-үлкен шаруаларды дөңгелетсек деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы