365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейліктер биылғы Жолдаудың ерекше болғанын атап өтті

  • 126
  • UPD: 15:19, 08.10.2018

Семейліктер Елбасының биылғы Жолдауының халық үшін ерекше болғанын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, әлеуметтік мәселелер мен ұстаздар беделін көтеру, жасөсіпірімдер арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейтуге бағытталған бастамалар көпшілік көкейіндегіні дөп басып, жұрт көңілінен шығып отыр. «Дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін қосымша спорт кешендерін салу жөніндегі тапсырма болашаққа нық сенім беретін батыл шешім», деп есептейді тұрғындар.

Кеңес Райымбеков, қала тұрғыны:

- Бұл Жолдау басқа Жолдауға қарағанда ерекше. Оның өзінде ерекше дейтін себебіміз, бұл халықтың әлеуметтік жағдайы туралы өте терең айтып, барлық өзінің мәжілістерінде жеке-жеке басшыларға арнап тұрғызып, осылай айту деген ол өте дұрыс және ақиқат.

Орал Шәріпбай, қала тұрғыны:

- Ең бастысы, ұстазы бардың ұстанымы мықты дейді. Ұстаздар туралы ұстаздың мәртебесін көтеру бізге ой салды. Ұстаз дегеніміз, ол ұстаздың беделін көтеру - елдің, мемлекеттің беделін көтеру деген сөз. Рухани жаңғыруды әркім өзінен бастау керек. Қарапайым ғана менің өте жақсы көретінім – әскери патриоттық тәрбие жөнінде. Елбасының әскери-патриоттық тәрбиені жаңғырту керек, рухымызды көтеру керек, кіншкентайынан бастап соған қалыптастыру керек дегені елдің еңсесін көтерді.

Самал Хабидулдина, қала тұрғыны:

- Спорт мектептері де қазір өте жақсы дамыған, балалар да көп. Спортқа қатысуға деген балалардың ынтасы жоғары. Мына Жолдаудан кейін одан да көп балалар қатысады деп үміттенеміз. Келсін балалар, мектеп оқушылары, спортпен айналыссын, денсаулықтарын нығайтып, ары қарай жақсы жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.

Хабар 24 телеарнасы