360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 12 тонна балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

  • 136
  • UPD: 18:27, 09.10.2018

Шығыс Қазақстанның табиғи қорығында браконьерлердің қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар24».

Көкпекті мен Күршім аудандарында ерекше қорғаудағы аумақтарда заңсыз балық аулауды кәсіпке айналдырған браконьерлер жыл басынан 12 тонна бағалы балықты заңсыз аулаған. Оңай олжаға кенелгісі келгендерге өңірдегі жылдам жасақталған әуе жасағы тосқауыл қойды.

Шығыс Қазақстанның тауларын бірнеше тәуліктен бері әуеден тікұшақтар торуылдап бақылауды күшейткен. Әуе бортында табиғатты қорғау полицейлері мен қатар бірнеше құзырлы орган қызметкерлері бар. Бір сағат ішінде әуедегі назарға Көкпекті ауданында қамыс арасындағы жасырылған браконьерлер қайығы ілікті. Жедел жасақ оларды дереу ұстады. Жүк машинелеріне қарағанда, мұнда заңсыз балық аулау кәсібі қызып тұр. Тіпті Марқакөл қорығында қарауыз бен майқан балықтарының уылдырық шашатын орындарында балықшылар ау құрып, жергілікті қорықшылармен бірге өздерін сол жердің егесіндей жайлы сезінуде.

Заңсыз балық аулаушылардың қылмысын әзірге тек әуеден әшкерелеуде. Өңірде баламалы өзге бақылау жоқтың қасы. Шығыс Қазақстанда әр балық инспекторы 20 шақырым аумақты бақылауда ұстауы тиіс.

Талғат Рахымжанов, ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Жыл басынан инспекторлардың құқықбұзушылық балық шаруашылығына келтірген 900-ге таяу заңбұзушылық анықталып, тиісті хаттамалар толтырылған. Бүгінде заңсыз тәркіленген балықтардың көлемі 12 тоннаға жуық.

Әуеден бақылау жұмыстарының нәтижесі мол. Алайда шығыны көп. Жанар-жағармай мен тікұшақтың қызмет көрсету жұмыстарынан жергілікті бюджетке миллиондаған шығын келуде. «Заңсыз балық аулаушыларға тосқауыл қоюға әбден болады, ол үшін табиғи қорық аумағын нақты белгілеп, күзету жұмыстарын мықтап күшейту керек», – дейді, «Қазорманқорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорын инспекторы Владимир Санаров.

Владимир Санаров, «Қазорманқорғау» РМК инспекторы:

– Ең алдымен заң аясында шара қолдану қажет. Екінің бірін таңдап, онда адамдардың баруына толықтай тыйым салатын қорық режимін енгізу керек не болмаса тыйым салынған аймақты жабу керек немесе балық шаруашылығы қызметін ашу керек.

Жыл басынан бері ШҚО табиғи қорық аумағы мен өзен-су қоймаларынан 900 браконьер ұсталған. Олардан мың шақырымнан аса синтетикалық моно жіптерден жасалған аулар тәркіленген.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Вячеслав Ветлугин, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы