386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде су тазартқыш станция іске қосылды

  • 611
  • UPD: 11:34, 22.10.2018

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының халқы енді су тапшылығын көрмейтін болды. Шаһардың 50 жылдығына орай су тазартатын станция іске қосылды.

Мұнда мың шақырым жерден құбыр арқылы жеткізіліп жатқан Еділдің суы тазартылмақ. Францияның озық үлгідегі қондырғыларымен жабдықталған станция тәулігіне 30 мың текше метр суды сүзгіден өткізеді. Бұл қала тұрғындарын жыл бойы үздіксіз таза ауыз сумен қамтамасыз етуге толық жетеді. 2014 жылы басталған құрылыс 4 жылда аяқталып, дәл қала күні ел игілігіне берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард 700 миллион теңге жұмсалған.

Сапарғали Аманбеков, облыстық ТКШ басқармасының басшысы:

- Жоба Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасы аясында іске қосылды. Жаңаөзен қаласының дамуына байланысты, халықтың өсуіне байланысты осы нысанның қажеттілігі туындады. Себебі қалаға келетін судың 70 пайызы Волганың суы дейміз. Яғни Қиғаштың суы. Ол мың шақырым жерден келеді. Ол жерден келгенше ол суды қайтадан тазалауға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы