385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда заңгерлер халыққа тегін құқықтық кеңес берді

  • 562
  • UPD: 15:13, 02.12.2018
Көкшетауда заңгерлер халыққа тегін құқықтық кеңес берді

«Халықтық заңгер» атты шара барысында 30 шақты маман қаладағы сауда орталықтарының бірінде тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті, деп хабарлады «Хабар 24».

Акцияға атсалысқандардың ішінде адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет департаменті мен мемлекеттік органдардың басшылары да бар.

Айта кетейік, дәл осындай форматтағы науқан еліміздің 18 қаласында бір мезетте өткізілді. Сондықтан ұйымдастырушылар, яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл акцияны Гиннестің рекордтар кітабына ұсынып отыр.

Алтын Бүркітбаева, қала тұрғыны:

- Мұндай акция жиі-жиі болып тұрса екен деймін. Маған Валентина Сергеевна деген кісі көмектесті. Екеуміз келістік, «сондай уақытта келіңіз, әрмен қарай тағы көмектесіп беремін» деді. Менің мәселем інімнің пәтеріне қатысты.

Берген Беспалинов, МҚІЖСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы:

- Сұрақтардың көбісі жер қатынастарына байланысты. Жер телімін алу, үй салу кезіндегі архитектуралық рұқсатнамаларды алу сынды мәселелер халықты толғандырады. Акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Біздің міндет – халыққа қызмет ету. Сондықтан тұрғындардың барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуі үшін бар күшімізді салуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы