383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы қоғамдық көліктің кешігу себебін атады

  • 384
  • UPD: 12:41, 03.12.2018
Сарапшы қоғамдық көліктің кешігу себебін атады

Қоғамдық көліктің уақытынан кешігіп жүруі автобустар мен жүргізушілердің жетіспеушілігінен болады. Сарапшы Болат Әмірбеков осылай дейді.

Еліміздің көлік инспекциясы қызметінде біраз жыл еңбек атқарған білікті маманның айтуынша, техниканың дайындығына жауап беретін қызметкерлер де тапшы. Соңғы кезде жолаушылардың аялдамаларда кідіріп қалуы да сондықтан. Алайда жеңіл рельсті көлік пайдалануға берілсе адам нөпірі мәселесі шешілгенімен, мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы адамдардың станцияларға жетуі проблемасы пайда болады дейді сарапшы.

Хабар 24 телеарнасы