383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерланд сарапшысы Сирия бойынша Астанада өткен кездесуге баға берді

  • 342
  • UPD: 18:38, 04.12.2018
Нидерланд сарапшысы Сирия бойынша Астанада өткен кездесуге баға берді

Нидерландтағы Қазақстанның құрметті консулы Хенк Нибур Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Хенк Нибур еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлем елдеріне экономикалық даму және Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің оң үлгісін көрсете алғанын айтады. Сонымен қатар голландиялық сарапшы екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін тілге тиек етті.

Хенк Нибур, Нидерландтағы ҚР құрметті консулы:

- Қазақстан соңғы жылдың өзінде айтарлықтай дамыған. Мысалы, Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының ашылуы ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізбек. Сонымен қатар Сирия бойынша өткен Астана процесі мен Қазақстанның ядролық қарусыздандыру саласында атқарған роліне баға жетпейді.  Жуырда мен Нидерландтағы Қазақстанның құрметті консулы атағына ие болдым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға күш жігерімді аямаймын. Қазақ елін  келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы