Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 131
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 111
386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл дәрілердің ағзаға жақпайтын әсеріне 2 мыңнан астам адам шағымданған

  • 639
  • UPD: 15:17, 06.12.2018

Биыл 11 айда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жақпайтын әсері туралы 2 мыңнан аса шағым келіп түскен.

Оның 77 пайызында  зиянды әсердің болғаны анықталды. Салдарынан 18 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды уақытша  қолдануға тыйым салынды. Тұрғындар көбіне микробқа қарсы препараттарға және туберкулез бен ВИЧ инфекцияларын емдейтін дәрілерге шағымданады екен. Сондай-ақ биыл наркоз үшін қолданылатын «Пропофол» мен «Кетамин» препараттарының жағымсыз әсері бойынша бірнеше дерек тіркелген. Сондай келеңсіз жағдайдың бірі жуырда Шымкентте көрініс тапты. Балаларға арналған қосымша тағамнан сынап қалдығы табылған.

Жандарбек Бекшин, Қазақстанның бас санитар дәрігері:

- Шымкент қаласында ауруханаға 2 айлық бала түсті. Оған анасының сүтін емуге тыйым салынғандықтан, дәрілер «Humana» қосымша балалар тағамын беру керектігін айтқан. Бұл Германияда шығарылатын өнім. Айта кетейік, біз биыл Шымкент қаласында  балалар тағамы қоспасының 58 түріне зерттеу жүргіздік. Оның арасында осы өнім де бар. Барлық сынамалар техникалық регламенттің талаптарына сай келді.  Ешқандай сынап қоспасы анықталған жоқ. Қазір біз осы өнімді қайдан алғанын анықтап, биосынамаларды алдық. Сынама зертханаға жеткізілген бойда 3-4 күннің ішінде оның құрамында ауыр металдардың бар жоғын тексереміз.

Хабар 24 телеарнасы