386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жел электр станциясын іске қосу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды

  • 592
  • UPD: 22:17, 12.12.2018
Маңғыстау облысында жел электр станциясын іске қосу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жел электр станциясын іске қосу және жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді кешенді сынақ жұмыстары басталады. Оған жалпыұлттық телекөпір кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді. Баламалы қуат өндіретін құрылғылар Форт-Шевченко қаласының дәл іргесінде тұр. 8 млрд теңгеге бағаланған жоба аясында 24 жел генераторы тұрғызылады. Мұнан соң станция тәулігіне 43,6 мВт электр тоғын өндіре бастайды. Құрылыс жұмыстары биыл жазда басталды. Қазіргі таңда 12 жел генераторы құрастырылып, тестілеуден өткізуге дайын тұр. Осы ауданда қуаты 5 және 42 мВт-тық тағы екі жел электр станциясы салынып жатыр.

Нұркелді Қасымов, мердігер мекеме өкілі:

- Бұл жоба Маңғыстау облысына өте жақсы үлесін қосады. Экологиялық таза және табиғатқа ешқандай залал келтірмейтін, желдің күшімен пайда болатын электр энергиясы. Бізде қазір 80 адам жұмыс жасап жатыр. Жаз уақытын бітісімен іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы