423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұлғаның жеке табыс салығын есептеу өзгерді

  • 2565
  • UPD: 15:00, 08.01.2019
Тұлғаның жеке табыс салығын есептеу өзгерді

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкердің салық салынатын табысы осы табыстың сомасының 90% мөлшерінде жеке тұлғаның кірісінен алынып тасталады.

Бұл туралы Алматы қаласының МКД хабарлайды.

«Бұл ереже қызметкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 25 айлық есептік көрсеткіш еселенген мөлшерінен аспайтын табысына қолданылады. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкердің салық салынатын табысы 90% -ға азаяды. Қалған еңбек ақы 10% ставка бойынша жеке табыс салығына тиесілі болады. Сондықтан салық жүктемесі 10 есе азаяды», - делінген департаменттің хабарламасында.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы