384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы «Болашақ» стипендиаттары Жастар жылына қатысты пікір білдірді

  • 1002
АҚШ-тағы «Болашақ» стипендиаттары Жастар жылына қатысты пікір білдірді

«Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқып жүрген студенттер Қазақстанда Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы айтқан сөздерін үлкен ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джордж Вашингтон Университетінде оқып жүрген студенттеріміз қазақстандық жастар үшін зор мүмкіндіктер ашылып тұрғанын ерекше атап өтті.

Жанар Көбекбай, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты:

– Елбасының жалпы Жастар жылы жөніндегі бастамасы ашылу салтанатында айтқан сөздері негізгі осы таңдағы халықаралық жастарға қатысты трендке толықтай сәйкес келеді деп нақты айта аламын. 2018 жылдың қазан айында мен Бостон қаласындағы «Forbes 30 under 30» халықаралық форумда болғанмын. Сол кезде әлемнің 30-ға жетпеген миллионерлердің жобасын көргенде, соның сексен пайызы стартап екен. Осы стартап ертең болашақтың жалпы бизнес-моделі болатынына сол кезде көзім жеткен. Сондықтан көгілдір экранның арғы жағындағы жастарға айтқым келеді, осы жобаны, осы жылды, осы бастамаларды пайдалана отыра, діттеген мақсаттарыңызға жетіп, стартап жобалары арқылы миллионерлердің бірі болуға тамаша мүмкіндіктеріңіз бар.

Сапарбек Нағашбеков, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты:

– Елбасының, үкіметтің жасап жатқан жастарға деген қолдауы өте зор. Сол үшін ойлаймын, жастар осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің бизнесін ашып, әрі қарай елімізді дамытуға үлесін қосқаны дұрыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы