389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда робототехникадан республикалық чемпионат басталды

  • 1018
  • UPD: 15:18, 15.02.2019
Алматыда робототехникадан республикалық чемпионат басталды

Алматы қаласында еліміздегі жоғары оқу орындары арасында робототехникадан республикалық чемпионат басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Робототехникадан чемпион атағына таласу үшін Қазақстанның үздік 15 студенттік командасы Алматыға келіп отыр. Студенттік командалар арасындағы республикалық чемпионаттың биыл бірінші рет өтіп отырғанын айта кетейік. Жарысты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.

Бұл чемпионаттың негізгі мақсаты – Қазақстанда ақпараттық технологиялармен айналысатын жастардың санын көбейту. Жастардың стартап жобаларын одан әрі іске асыруға атсалысу.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы