378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы 5,5 шақырым жол ақылы болады

  • 233
  • UPD: 14:11, 05.03.2019

Елімізде қаңтар айының соңында үш бағыт бойынша ақылы автожолдар іске қосылды.

Бұл Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау бағыттары болатын. Олардың жалпы ұзындығы – 471 шақырым. Биыл ақылы жолдардан 5,4 млрд теңге пайда түседі деп жоспарланған. Ал келесі жылы тағы бес жарым мың шақырым жол ақылы болмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Премьер-Министрге баяндады. Бүгін Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Бағдарламаның маңызды міндеті – халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Жаңа жолдар салу жүк тасымалдау кезінде бизнес үшін көліктік шығындарды кемінде 15 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Жалпы әлеуметтік тұрғыдан «Нұрлы жол» бағдарламасының алатын орны ерекше. Өйткен жылдың өзінде 86 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Биыл жоспарға сәйкес тағы 54 мың жұмыс орнын құру жоспарда бар. Бағдарламаны іске асыру елдің көліктік әлеуетін арттыруға үлкен серпін берді. Өткен жылда транзиттен түскен кіріс 1,5 млрд доллар құрады.

Хабар 24 телеарнасы