375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көп балалы отбасыларды қолдау үшін әкімдерге қандай тапсырмалар жүктелді

  • 94
  • UPD: 23:47, 12.03.2019
Көп балалы отбасыларды қолдау үшін әкімдерге қандай тапсырмалар жүктелді

Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдар да білек сыбанып кірісуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, әкімдіктер көп балалы отбасы балаларын мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етіп, қоғамдық көлікпен жүруіне жеңілдік ұсынуы шарт. Сондай-ақ демалыс орындарына ақысыз жіберуі керек. Мұның сыртында аз қамтылған отбасыларға коммуналдық төлемдер бойынша өтемақы беріліп, жарық және су есептегіш құралдарды тегін үлестіру сынды көмектер де қарастырылған. Ал ауылдағы көп балалы отбасылар қайтарымсыз грантқа ие болып, бизнес бастауы үшін шағын несие ала алады.

Хабар 24 телеарнасы