378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда нанның қымбаттауына бидай бағасының өсуі ықпал еткен

  • 108
  • UPD: 19:52, 14.03.2019
Петропавлда нанның қымбаттауына бидай бағасының өсуі ықпал еткен

Петропавлда ақпан айында ас атасы бірден 15 процентке шарықтап кетті.

Мысалы халық көп тұтынатын «ерекше» сұрыпты нанның бір бөлкесі 91 теңгеден 105 теңгеге бірақ көтерілген. Ал кейбір дүкендерде тіпті 120 теңгеден сатылып жатыр. Ал әлеуметтік нан өзгерген жоқ. Бұрынғыша 61 теңге. Бірақ сатушылардың айтуынша, оны ешкім алмайды. Қалалық әкімдік қызметкерлері «нанның қымбаттауына бидайдың бағасы себеп болды», – деп отыр. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында егіннің құны жылдағыдан жоғары.

Хабар 24 телеарнасы