378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТМД елдерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы әзірленді

  • 94
  • UPD: 17:15, 16.03.2019
ТМД елдерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы әзірленді

Бұл туралы ТМД Экономикалық кеңесінің мәжілісінде мәлім болады. Бұл құжат бес жыл дайындалды.

Жаңа стратегия осы салада қолданылатын терминдер мен ұғымдарды ортақ  бір түсініктімеге келтіріп, ұлттық заңнамаларды үйлестіру үшін қажет. Авторлары құжатты әзірлеу кезінде қазақстандық ақпаратық қауіпсіздік тұжырымдамасының қағидаларын қолданғанын ерекше айтып кетті.

Ерлан Жанаев, ТМД экономикалық кеңесіндегі ҚР өкілі:

- Стратегия жобасында қазақстандық құжаттардың кейбір қағидалары қолданған. Атап айтқанда, бұл «Киберқалқан» стратегиямыз. Регламентке сәйкес, аталмыш мәселе сыртқы істер министрлері Кеңесінде қаралып, содан  кейін мемлекет басшыларының Кеңесі бекітуі тиіс. 

Олег Макаров, ТМД Ақпараттық қауіпсіздік стратегиясының авторы:

- Қазақстанның «Киберқалқан» стратегиясын аса қызығып зерттедік. Расында да, бұл өзіндік ерекшелігі бар озық құжат екен. Осындай ұстанымды, материалдың баяндалуын бұрын көрген емеспін. Осыған байланысты сараптау кезеңінде ТМД елдерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясына түзетулер енгіздік.

 

Хабар 24 телеарнасы