378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АӘК есептеу барысында ауладағы жеке шаруашылықтың кірісі есепке алынбайды

  • 134
  • UPD: 20:23, 16.03.2019

Павлодар облысында атаулы әлеуметтік көмекті есептеу барысында жеке аула шаруашылықтарының кірістері есепке алынбайды.

Мемлекеттік қолдаудың Бірыңғай пакетін жүзеге асыру және аз қамтылған отбасыларды демеуге 406,6 миллион теңге бағытталады. Осы санатқа жатқызылған жанұялар үшін балабақша, медициналық қызмет пен  қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Баспана тапшылығын көріп отырған кейбір отбасылар өз қалауымен аудан орталықтарына қоныс аударып жатыр. Бүгінгі таңда екі жанұя Успен және Шарбақты ауданына көшіп барған. Тағы 7 шаңырақ жүктерін жинап, дайын отыр. Ал, Ақсу қаласында күнкөріс деңгейі төмен және мүгедек баласы бар шаңырақтарға арналған 102 пәтерлік үй салынады. Жылына бір мәрте алғашқы  қажеттіліктегі дәрі-дәрмек тегін берілетін болды. Бүгінгі күнге дейін аудан және қала бюджеттерінен 1 миллиард теңгеден астам қаржының  әлеуметтік көмегі көрсетіліпті. Сондай-ақ аз қамтылған отбасынан 250 адам жұмысқа орналасқан.

Қайрат Нұрмағамбетов,  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: 

- Көп балалы адамдар бар. Одан қалды 6600 ана  «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған. Егер бізде  мынау былтыр 1637 адам әлеуметтік көмек алса, оның көп балалы ана. 1 сәуірден бастап біз Президенттің тапсырмасы бойынша 70 пайыз күнкөріс деңгейінен содан төлей бастаймыз.

Ораз Мұқашев,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының  басшысы:

-  Бір аптечканың бағасы 3200 теңге. Бәрі керек жедел медициналық көмек жасау үшін.  Барлық дәрі-дәрмек сол аптечкада болады. Балаларға қазір біздің зерттеулер тегін жасалады. УЗИ болса да, КТ болса да, МРТ болса да. Біз осы 2 айдың ішінде бас дәрігерлермен жиналыс өткізіп сондай тапсырма бердік.

Хабар 24 телеарнасы