377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде Өзбекстан шаруаларының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті

  • 153
Жаңаөзенде Өзбекстан шаруаларының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында Өзбекстан шаруаларының қатысуымен алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Хорезм облысынан 6 бірдей жүк көлігі келіп, көкөністерді нарық құнынан әлдеқайда төмен бағада сатылымға шығарды. Мысалы, сәбіздің 1 келісі жергілікті сауда нүктелерінде орта есеппен 180 теңге болса, жәрмеңкеде 100 теңгеден берілді. Сондай-ақ жуа 70, алма 250, қызанақ пен қияр 540 теңгеден сатылды. Жәрмеңкеге Маңғыстаудың жергілікті кәсіпкерлері де үн қосты. Сүт зауыттарының өнімдері, ет және өзге де азық-түліктер жұртшылыққа арзан бағада ұсынылды. Базарда жұмыртқаның 1 данасы 30-35 теңге төңірегінде болса, мұнда 25 теңгеден сатылды.

Дәмеш Қараманова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

– Мұнда сүт өнімдері зауыт бағасымен қойылыпты. Риза болып тұрмын. Қазір көкөністерді қараймын. Осылай әрдайым азық бағасы төмендетіп сатылса, біздерге көп көмек болар еді. Ең бастысы тамақтың бағасы қымбат болмаса екен.

Серік Қалдығұл, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Облыс әкімі Өзбекстанға барған сапарында жеміс-көкөністерді төмен бағамен тасымалдауға келіміге отырған болатын. Міне соны іске асырып, жәрмеңке ұйымдастырып жатырмыз. Азық-түлік нарық бағасынан 20% төмен сатылып жатыр. Бұл тұрғындарға қолайлы деп ойлаймыз. Алдағы уақытта жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы