379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева Үкіметті бірқатар экологиялық проблемаға назар аударуға шақырды

  • 146
  • UPD: 20:41, 28.03.2019

Сенат отырысында Дариға Назарбаева ел Үкіметін бірқатар экологиялық проблемаларға назар аударуға шақырды.

Сенат Төрайымы былтыр Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылғанын еске салып, бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылғанына тоқталды. Сондай-ақ ол осы жұмыстардың нәтижесі жайлы көпшілікті хабардар етудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек Сенат спикері Қаламқас мұнай кен орнындағы апат жайында да пікір білдірді. Дариға Назарбаева қажет болған жағдайда бұл экологиялық мәселелерді ретке келтіру үшін тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынды.    

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Төрайымы:

- Ауаның, ілеспе судың және топырақтың сапасына күнделікті тексеріс жүргізу керек. Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Сондықтан осы экологиялық мәселелерді еңсеру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігіне Үкіметтің назарын аударамын. Қажет болған жағдайда осы салаға қатысты заңнамаға тиісті түзетулер енгізу жұмыстарын қолға алған жөн.

Хабар 24 телеарнасы