379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қызылшаның «Дублин» және «Кабул» атты генетикалық желілері тараған

  • 124
  • UPD: 15:24, 01.04.2019

Бұл қоздырғыштар Еуропа мен Азияға тән. Осы орайда бүгіннен бастап қызылша дертіне қарсы қосымша екпе басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл үшін 478 мың доза вакцина алынған. «Мамандар ауруға душар болатындардың дені вакцина қабылдамағандар», – дейді.

Қызылша ауруының D8 және B3 вирусы елімізге Еуропа мен Азиядан тарады. Бұл қоздырғыштар әсіресе жүкті әйелдерге қауіпті. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда науқастардың саны 3 процентке өскен. Бүгінде елімізде 80 адам ем алып жатыр. Олардың 84 проценті балалар.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Ең тиімді тәсілі – ол вакцинация. Ертең ауырып қалады. Ол бірінші қатер, асқынуы пневмония, миға байланысты, болашақта болатын зақымдар. Балалар агрессивті болады, психологиялық ауытқу болады. Осыны еске алып, балалар уақытында вакцинациядан өтуі керек.

Бүгін қызылшаға қарсы қосымша екпе басталды. Үндістаннан алынған препаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған, әлемнің 70 елі пайдаланады. Белгілі болғандай, қауіпті қоздырғыштар ел аумағында өршіп тұр. Бөртпе шыққанға дейінгі және содан кейінгі 4 күн аса қауіпті. Сондықтан ауырмаудың жолын іздеу маңызды.

Мамандар вакцина тапшы заманда туған балалардың бүгінгі ұрпағында иммунитет төмен дейді. Әлемде белең алған «Кабул», «Дублин» қоздырғыштарынан көз жұмған адамдар бар. Сондықтан қосымша иммундау шарасынан қалыс қалмау керек. Бұл үшін 478 мың доза вакцина алынды. 

- Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Оған қарамастан, жоспарлы түрде жылда келетін 651000 дозасын алып отырмыз. Бірінші сәуірден бастап қосымша иммундау жүйесі басталады.

Ал қызылшаға қарсы екпе бала 1 жасқа толғанда және 6 жасында салынады. Айта кетейін, өткен жылы 5300 адам түрлі себеппен екпеден бас тартқан, бірақ оның 3000-нан астамы қайта келісімін берді.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Әділғазы Төлеміс, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы