389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жобасы таныстырылды

  • 824
  • UPD: 20:26, 03.04.2019

Елордада Тұңғыш Президент кітапханасының көшпелі көрме жобасы таныстырылды. Тарихи шара 5 сәуірде Қызылорда облысында өтеді.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды. Ауқымды шара кезінде өңірге мыңнан астам жәдігер жеткізіледі. Тұрғындар Елбасының өмірбаяны, еңбек қызметіне қатысты сирек суреттер мен бейнематериалдарды көре алады. Сонымен қатар жұртшылықтың назарына 20-ғасырдың 60-70 жылдарындағы мұрағаттық құнды құжаттар ұсынылады. Жоба аясында әлем ғалымдарының қатысуымен бірқатар маңызды шаралар өткізу жоспарланып отыр. Осы арқылы ұйымдастырушылар өңір халқына Қазақ елінің тарихындағы Елбасының рөлін кеңінен көрсетіп, жүйелі таныстыруға ниетті. Айта кету керек, көшпелі көрме екі жарым жылдан бері жалғасын тауып келеді. Бұған дейін Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында  ұйымдастырылған.

Әмірхан Рахымжанов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры:

- Жалпы Елбасы кітапханасы 2018 жылы ауқымды 50 көрме ұйымдастырды. Сегіз бірдей жаңа экспозиция ашылды. Олармен жарты миллионға жуық адам танысып, 10 мыңнан аса экскурсия өткізілді. Ал көшпелі көрме жобасының  негізгі идеясы Елбасының Тәуелсіз Қазақстан тағдырындағы рөлін, елге сіңірген еңбегі туралы құнды ақпаратты өңір халқына жеткізу. Әсіресе шалғай елдемекен тұрғындарына таныстыруды көздейді.

Хабар 24 телеарнасы