378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысына қарасты 5 ауыл орталық ауызсу желісіне қосылады

  • 93
  • UPD: 12:14, 27.04.2019
Ақтөбе облысына қарасты 5 ауыл орталық ауызсу желісіне қосылады

Ақтөбе облысының 5 шағын ауылы биыл орталық ауызсу желісіне қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы есебі 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы бөлінген. Жұмыстардың барлығы мемлекеттік бағдарламалардың аясында құрылған кестеге сай жүргізіліп жатыр. Мәселен, өткен жылы облыста 6 миллиард 600 миллион теңгеге 25 жоба жүзеге асырылған болатын. Сәйкесінше өңір тұрғындарының 95 проценті таза ауызсуына қол жеткізді. Бірінші кезекте елді мекендердің даму мүмкіндігі ескеріледі. Әлеуеті жоғары және орташа перспективалы ауылдар басты назарда. Осыған орай республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуге өтініш жолданатын болады.

Қаржаубай Ыбрайымұлы, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– Тағы да 16 жобаның жобалық сметалық құжаттары жасақталып жатыр. Сонымен қатар республикаға қазір біздің тарапымыздан қаржыландыруға 2020-2022 жылдарға арналған қаражат көлемі 9 млрд құрайтын 20 жоба тапсырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы