389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елде жыл соңына дейін 18 мектеп ашылады

  • 492
  • UPD: 14:05, 06.05.2019

Елімізде жыл соңына дейін 4 мың 700 оқушыға арналған 18 мектеп ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен инвесторлар арасында жеке мектептердің құрылысы бойынша 8 меморандумға қол қойылды. Ал 2021 жылдың соңына дейін 40 мың оқушыны қамтитын жеке білім беру ошақтары пайдалануға берілмек. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында айтылды. Жалпы бүгінгі жиын мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке арналды. 2006 жылдан бастап қазірге дейін елімізде мемлекет пен меншік иелері арасында 1 мың 300-ге жуық келісім әзірленген. Олардың кейбіріне қол қойылса, енді бірі әлі әзірленіп жатыр. Ауқымды жобалар негізінен көлік, инфрақұрылым, энергетика, білім және денсаулық сақтау салаларында жүзеге асып жатыр.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Ең көп жобалар саны білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларына тиесілі. Республикалық деңгейде 25 жоба бар, оның ішінде 9 жоба бойынша шарт жасалған, конкурс сатысында 2 жоба және жоспарлау сатысында 14 жоба.

Хабар 24 телеарнасы