389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда биыл жазда 600 мыңнан астам турист демалады

  • 486
  • UPD: 15:37, 10.05.2019
Бурабайда биыл жазда 600 мыңнан астам турист демалады

Бұл туралы аймақтағы туризм саласының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылдары бұл көрсеткіш 400 мыңның шамасында болатын. Ал көрікті өлкеге келген саяхатшыларды көптеген бұқаралық іс-шаралар мен жаңа нысандар күтеді. Мәселен, «ВелоБураБайк» атты веложарыс биыл бір апта бойы өткізіледі. Одан бөлек «Рейс нэйшн» экстремалды ойындары мен «Ред Бул-400» биіктікке қарай жүгіру сайыстары да ұйымдастырылады. Ашық аспан астында түрлі мәдени шаралар да өтпек. Бірнеше жаңа қонақүй іске қосылып, өз меймандарын асыға күтеді.

Айта кету керек, тек Бурабайға ғана емес, жалпы Ақмола облысына жыл сайын 1 млн-нан астам турист келіп жүр. Ал 2025 жылға қарай саяхатшылардың қатарын 3 млн адамға жеткізу көзделіп отыр.

Марат Иғали, облыс әкімінің орынбасары:

- Инфрақұрылым жағынан биыл Бурабай курортты аймағында кәріз жүйесін бітіреміз. Біз қазір «Казвей» туалеттерін қойып жатырмыз. 10 шақты туалетті қойдық. Автотұрақтар жайында әкімдікпен жұмыс жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы