379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауында смарт-орындық пайда болды

  • 83
  • UPD: 12:48, 11.05.2019
Каспий жағалауында смарт-орындық пайда болды

 Оны жасаған отандық компания Ақтау қаласына тарту ретінде 14-шағын аудандағы жағажайға орнатып та берген.  

Заманауи үлгідегі орындық күн панелімен жарақтанған. Яғни түнгі мезгілде айналасын жарықтандыруға қауқарлы. Ақылды құрылғыға кісі жақындаса, шамы өздігінен жанады. Смарт-орындыққа отырған адам смартфонын тарату жылдамдығы жоғары ғаламтор желісіне қосып, USB арқылы не сымсыз қуаттай алады. Бұған дейін қала ішінде бірнеше смарт-аялдама іске қосылған еді. Әр аялдамадағы интерактивті тақталарға қазақ және әлем әдебиетінің озық туындылары QR кодпен жазылған. Оларды ұялы телефонның көмегімен оқуға болады.

Данияр Шакиров, қалалық цифрландыру бөлімінің бас маманы:

- Біз бұған дейін алты аялдамаға цифрлы кітапхана қондырған болатынбыз. Ендігі кезекте смарт-орындықты қалаға орнаттық. Күн сәулесінен энергия қуатын алады. Оған ешқандай ток қосылмайды. өзі автономды жұмыс жасай береді. Қазіргі таңда тек қана біреуі жасалды, бірақ алдағы уақытта бірнеше түрлерін қоямыз. Тек қана теңіз жағасына емес, әкімдік жаққа да мүмкін парктерде де қойылады.

Хабар 24 телеарнасы