384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталды

  • 936
  • UPD: 23:40, 20.05.2019

Алқалы жиынға екі елдің үкімет мүшелері, қоғамдық ұйым белсенділері қатысып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Күн тəртіндегі негізгі тақырып – еріктілер қозғалысын дамыту, оны халықаралық деңгейге көтеру.

Қазақстан-Ресей жастар форумы Қостанайда осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. Бұрынғыларға қарағанда биылғы жиын ауқымдырақ. Мыңға тарта адам келген. Жақында ғана тапсырылған зәулім жастар сарайында өтіп жатқан форум жұмысы қос елдің еріктілер қызметіндегі жетістіктерін паш ететін көрмеден басталды.

Онда экологиялық, әлеуметтік салада, тосын, апатты жағдайларда еріктілердің көрсететін қызмет көмектері туралы бейнематериалдар жұртшылықтың назарына ұсынылды.  Одан кейін «Волонтерлық – әлемдік тренд» деген тақырыпта пленарлық талқылау болып өтті. Онда сөз сөйлегендер азаматтық қоғам қалыптастыруда еріктілер қозғалысының  рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.

Қазіргі кезде дүниежүзінде миллиондаған адам еріктілер қатарына кірген. Ал Қазақстанның әрбір сегізнші тұрғыны азды-көпті қандай да бір қайырымды істерге қатысқандығы қолымыздағы деректер дəлел. Алайда еріктілер қозғалысында түйткілді мәселелер де жоқ емес. Мәселен, еріктінің заңды тұрғыда мәртебесі айқындалмаған. Әлеуметтік қолдау жағы да әлсіз.

Бүгін осы форум аясында сондай-ақ экологиялық акция ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылардың барлығы бір кісідей Тобыл өзені жағалауын тазалауға шықты. Бұл шараға ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттік өкілдері қатысты.

Авторы: Мағауия Қалиев

Хабар 24 телеарнасы