389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отбасы істерін қарайтын сот құрыла ма?

  • 398
  • UPD: 15:15, 25.05.2019
Отбасы істерін қарайтын сот құрыла ма?

Шымкентте отбасы мәселелерін қарайтын арнайы мамандандырылған сот құру жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы шаһарда қалалық және аудандық соттың ұйымдастыруымен өткен «Бақытыңды балаңнан ізде» атты интерактивті кездесуде белгілі болды. Жоғарғы соттың бастамасымен былтырдан бастап еліміздің төрт облысында отбасылық құқықтарды қорғауға бағытталған «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Осыған орай Шымшаһардағы жиынға қатысқандар шаңырақтың шайқалмауын тілеп, жастарға отбасы ұғымы туралы кеңінен әңгімеледі.

«Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Дегенмен сананы тұрмыс билеген заманда жанұяның ажырасып, екі жаққа кетіп жатқан сәттері аз емес», – дейді заң өкілдері. Ал «Отбасылық сот» жобасының мақсаты – жанұя мүшелері арасында отбасылық қатынастың нығаюына және қалпына келтірілуіне ықпал ететін шешім табуға көмектесу. «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету басты назарда болмақ», – дейді мамандар.

Айдос Сұлтанов, Еңбекші аудандық сотының төрағасы:

- Сотқа түсіп жатқан істердің 30 пайызға жуығы отбасы дауларына байланысты: неке бұзу, алимент өндіру, ортақ мүлікті бөлу. Баланың тәрбиесі кімде қалатыны туралы мәселені қарау. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды бітіммен медиацияға келтіру, билер кеңесін қосу, психологты қосу арқылы татуластыруға келтіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы