378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда апаттан зардап шеккен қазақстандықтар елге жеткізілді

  • 218
  • UPD: 08:08, 01.06.2019

Италияда жол апатына ұшыраған отандастырымыздың беті бері қарады. Ауыр хәлдегі науқастарды санитарлық авиация қызметі Алматыға жеткізді.

Біреуіне №7 қалалық ауруханада операция жасалды. Ал екінші зардап шегуші Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Қазір қос науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланып отыр. Айта кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы Италияда 22 мамырда болған. Туристер мінген автобус жолдан шығып, аударылып кеткен. Бір жолаушы қаза тауып, 37 турист зардап шекті. Оның тоғызы Қазақстан азаматы.

Есенай Еспембетов, №7 қалалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Бізге алып келгеннен кейін зерттеулер жасап, біз ота жасадық. Таракоцинтез дейді. Одан кейін сол жақ өкпе қуысына тринажпобелау дейді сондай операция жасадық. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты ауыр. Есінде. Сөйлеп жатыр. Керекті ем шараларының бәрі жансақтау бөлімінде өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы