382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында үш мыңнан астам адамға шипажайға жолдама тегін беріледі

  • 78
  • UPD: 15:33, 06.06.2019
Атырау облысында үш мыңнан астам адамға шипажайға жолдама тегін беріледі

Бұл санатқа мүмкіндігі шектеулі жандар, соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедек балалары бар отбасылар кіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға шипайжай ақысы мемлекеттен төленеді. Атырауда емдеу сауықтыру кешендері мен шипажайлар жоқтың қасы немесе мемлекеттік сатып алу байқауларына мүлдем қатыспайды. Өйткені олардың бағасын мемлекет көтере алмайды. Сондықтан жарияланған конкурсты Орал, Көкшетау, Ақтөбе және Алматы қалаларындағы шипайжайлар ұтып алады. Қазір Ақмола және Ақтөбе облыстарында 1 жарым мың адамның алғашқы легі емдеу-сауықтыру шараларын алып жатыр.        

Әлфия Төлеғариева, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- 2018 жылы облыс бойынша 2860 мүмкіндігі шектеулі адамды санаторлық-курорттық жолдамамен қамту жоспарланып, оның ішінде 2361 адам сауықтыру-емделу шараларын санаториядан алып шықты. Ал биыл 2019 жылға облыс бойынша 3195 мүмкіндігі шектеулі адамды біз санаторлық-курорттық жолдамамен қамтасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы