379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады

  • 116
  • UPD: 15:18, 09.06.2019

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықтың ерекше  ынтамен келіп дауыс беруі болашаққа деген сенімнің жоғары екенін байқатады.

Сондықтан сайлау учаскелеріне лек-легімен келіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы №111 сайлау учаскесінде 4661 сайлаушы тіркелген.  Ұлттық академиялық кітапханда жасақталған учаскеде Үкімет мүшелері және Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері де өз таңдауларын жасады.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз еліміздің патриотымыз. Қазақстан елі тәуелсіздік келгеннен бастап өзінің болшағын ойлайтын халық, бүгінгі сайлауда болашақ үшін дауыс беріп жатыр. Бұрын бала кезімізде ауылда аталарымызбен бірге ерте тұрып мектепке баратынбыз. Сол жерде өзіміз дауыс бермесек те, аталарымыз ертіп апаратын. Осының бәрі бізге тәрбие болып келе жатыр. Таңғы 9:00-ден бастап бюллетеньнің толып жатқанын көріп тұрмын. Бұл біздің қуанышымыз. Бүгінгі сайлаудың есігін ашқанымыз – болашаққа есік ашқанымыз.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Байқаймын, ел өте жақсы келіп жатыр. Әркімнің бұл азаматтық парызы ғой. Азаматтық парызын өтеу үшін келеді. Жұрт қатарлы келіп өз дауысымды бердім. Дауысымды келешек үшін бердім. Болашақ үшін бердім. Еліміздің тыныштығы үшін бердім. Елдің бірлігі-ынтымағы үшін бердім.

Хабар 24 телеарнасы