384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағайда органикалық балық аулау кәсіпорыны ашылды

  • 339
  • UPD: 20:48, 17.06.2019

Қапшағайлықтар балық шаруашылығына ден қойды. Қалада органикалық балық аулау кәсіпорыны ашылды.

Онда осы жылдың соңына қарай 1 жарым мың тонна балық өсіру жоспарланып отыр.

Қапшағайдың Солтүстік жағалауында аумағы 7 гектар жерді алып жатқан бұл кәсіпорын,еліміздегі алғашқы толыққанды органикалық балық аулау кешені. Мұнда  әлемдегі ең танымал және жоғары сапалы балық түрлері өсіріледі. Атап айтсақ, клариус, баррамунди, стрибасс, тилапия, нефрит алабұғасы және австралиялық таңқышаян.

Алексей Щетинин, кәсіпорын жетекшісі:     

- Бұл біздің еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі саласына қосқан үлесіміз деп білем. Өйткені жаңа ауланған балық йод жетіспейтін әр адамның ас мәзірінде болу керек. Және біздің балықтар әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие сапалы балықтар. Қазір өндірісті толық қалыпқа келтірдік. Енді сату мәселесін реттеп жатырмыз. 

Мұндағы балық түрлері жасанды бассейндерде өсіріледі. Ультрадыбыстық жабық судың температурасы жыл он екі ай 27-28 градус болуы тиіс. Сүзгілеу жүйесінің көмегімен әр сағат сайын 200 текше метр су тазартылып отырады.Сондай-ақ арнайы орнатылған  қондырғылар өндірістік технологияны мұқият бақылап, жұмысты оңтайландыруға мүмкіндік береді дейді мамандар.

Юрий Рудометкин, бас технолог:

- Біз қазір ғылыми тәжірибе орталығында тұрмыз. Сырттан келген балықтарды осында сұрыптап,жергілікті  суға және қоректерге біртіндеп ағзасын бейімдейміз.Барлық шикізат зауыттың өндірістік және техникалық зертханасында қоректік және қауіпсіздік көрсеткіші бойынша мұқият талдаудан өтеді. Мұнда жұмыс істейтін мамандар шет елдерде  арнайы дайындықтан өткен.

Қазір мұнда 20 адам қызмет жасайды. «Кадр тапшылығы бар әрине. Әлі 80 ге жуық маман қажет» дейді қожалық  басшылығы. Кәсіпорын алдағы уақыттары 10 мың тонна клариус, 500 тонна ақ балық, және 10 тонна австралиялық таңқышаян өсіріріп, экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы