384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулықтардан президенттің сайлауалды штабына 32 мың ұсыныс келіп түскен

  • 186
  • UPD: 07:37, 18.06.2019
Маңғыстаулықтардан президенттің сайлауалды штабына 32 мың ұсыныс келіп түскен

Басым көпшілігі баспанамен қамту мен жұмыссыздық мәселесін қамтиды.

Бұл туралы Nur Otan партиясының Ақтаудағы филиалында өткен саяси кеңесте айтылды. Birge жалпыұлттық акциясы осы аймақта 14 мамыр мен 7 маусым аралығында өткен еді. Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы таныстырылған акция кезінде өңір тұрғындары көкейтесті сауалдарды көтеруге мүмкіндік алды. Шара барысында халықтан 600-ге тарта жазбаша өтініш қабылданды. Барлығы да партияның орталық аппаратына жолданған.

Айта кетейік, әрбір ұсыныс-арыздың оң шешімін табуын аймақтағы нұротандықтар қатаң бақылауда ұстап отыр. 

Елубай Әбілов, Nur Otan партиясы өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан ұсыныстар көп болды. Мұнайлы ауданынан және Бейнеу ауданынан да ұсыныстар көптеп келді. Барлығымен біз жұмыс жасап жатырмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлын ұлықтау рәсімінде берген 10 бағыты бойынша қазір жұмыстарды партияластарымыз қолға алып жатыр. Бүгін саяси кеңесте соны талқылап, өзімізге алда аудандық-қалалық филиалдармен бірге осы жұмыстарды тұрғындардың арасында, мекемелер жұмысшыларының арасында жүргізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы