388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сот жүйесі лайық емес кадрлардан тазартылады

  • 372
  • UPD: 20:02, 24.06.2019

Алдағы 2 жарым жылдың ішінде сот жүйесі лайық емес кадрлардан толық тазартылады.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына халық сенімін арттыруға бағытталған 16 заң жобасы әзірленді. Соған сай, сала толықтай білікті кадрлармен қамтылады әрі судьялардың ішінде кездейсоқ мамандар болмайды. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнамасында көзделген мақсат – сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру және сот жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы