384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспийдегі қауіпсіздікке полицейлер де жұмылдырылады

  • 129
  • UPD: 10:59, 27.06.2019
Каспийдегі қауіпсіздікке полицейлер де жұмылдырылады

Ақтаулық полицейлер суда құтқаруға арналған құрылғылармен жабдықталды.

Енді Каспийге түсушілерді төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге тәртіп сақшылары да құтқара алады. Бұл теңіздегі оқыс оқиғаның алдын алуға мүмкіндік береді. Шомылу басталғалы бері суға батқандарға көмектеспек болған полицейлердің өздеріне бірнеше рет қауіп төнген екен. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Әр полицейге құтқару күртешелері, арқандары мен шеңберлер берілді. Сонымен қатар патруль көліктері дәрмектермен толтырылды. Олар жағалаудағы жандарға жедел-жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетеді.

Қайрат Әуезов, қалалық полиция басқармасы ЖПҚ инспекторы:

– Осындай арнайы құтқарғыш күртешелермен, дөңгелектермен әрбір патрульдік автомобиль жабдықталған. Сондықтан да біз алдағы уақытта осы құралдардың арқасында одан әрі сапалы қызмет атқарамыз және көмектесе аламыз деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы