384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы әскери бөлімді көшіру қашан басталады

  • 169
  • UPD: 21:36, 01.07.2019

Ай мен күннің аманында жарылып, Арыс жұртын абдыратқан оқ дәрілер бір жерге жиналып жатыр.

Жойылады. Ал атышулы әскери бөлім қала іргесінен біржола көшірілмек.

Әскери бөлім де, атышулы қойма да Арыстың маңынан көшіріледі. Толықтай. Бұл іске қорғаныс министрлігінің өкілдері екі аптадан соң кіріспек. 

Ермиян Биятов, ҚР қорғаныс министрлігінің өкілі:

- Мынау тұрған әскери бөлім Арыс қаласындағы ол көшіріледі. Толық көшіріледі. Ол үшін уақыт керек. Бірден айта алмаймын мен сізге, бүгін-ертең көшеді деп.

Қазір тергеу, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жарылыс болған әскери бөлімнің командирі қызметінде. Қаладан саперлар шығарылған жоқ. Арыстағы он секторды қалыпқа келтіруге 17 облыс жауапты енді. Шаһардағы үйлердің дені ескі. Саман кірпіштен салынған екен. Тіпті кейбірінің іргетасы да болмаған. Бірақ, бұзылған үйлердің бәрі жөнделеді. Мал шығыны өтеледі. Ол үшін түліктер тіркелген болуы шарт. Оқыс оқиғадан шығынға батқан кәсіпкерлерге де жеңілдік жасалады.

Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

- Премьер-министр тапсырма берді қаржы министрілігіне басқаға. Мына біздегі кәсіпкерлердің кімнің берешегі бар, мына Атамекенге. Кәсіпкерлер палатасымен бірге үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол мынау салықтарды тоқтату. Сосын барлығы бірдей списание долгов болады деген қисық әңгіме. Тоқтатылады. Кәсіпкерлер палатасымен 5 миллионға дейін 1 процентпен несие беріледі. Қай кәсіпкердің насына зиян шекті соларға көмектесіледі.

Жарылыстан соң қалада 5 қылмыс тіркелген. Басым көпшілігі ұрлық, тонауға қатысты. Үрейді алған жарылыс кезінде жан-жаққа шашыраған мал атаулы иелеріне қайтарылды. Өңір басшылығының айтуынша қаладағы тіршілік бір айдың ішінде қайта жанданбақ.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы