389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында биыл 28 адам суға кетіп қаза тапқан

  • 212
  • UPD: 22:21, 09.07.2019
Түркістан облысында биыл 28 адам суға кетіп қаза тапқан

Түркістан облысында жыл басынан бері 28 адам суға батып, қаза болды. Қайғылы оқиғаның көп бөлігі Сарыағаш пен Отырар ауданында тіркелген.

Құтқарушылардың мәліметінше, мұндай жағдайлар көбінесе техникалық қауіпсіздікті сақтамағандықтан және су жағасында спирттік ішімдік ішуден болады. Мамандар тұрғындарды тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырады. Сонымен қатар балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару жилетін кию керектігін хабарлайды. Бүгін арнайы жедел жасағы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Олар шомылу маусымының соңына дейін осы тәртіппен жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

Сұлтанғали Смайылов, облысық ТЖД басшысының орынбасары:

- Полиция депртаментімен бірге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 137 рейд жасады. 100-ден аса газеттерге мақалалар берілді. БАҚ сөйледі, брифингтер өткізді. Облыс бойынша 160-тан астам тыйым салатын белгілер орнатылды. Осыған қарамастан біздің ата-аналарымыздың салғырттығы деп ойлаймын, жас балаларды қараусыз қалдырып осындай қайғылы жағдайға үшырып жатқан жағдайы бар.

Хабар 24 телеарнасы