386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс балалары ШҚО-ның көркем табиғатын аралады

  • 255
  • UPD: 14:34, 22.07.2019

Арыс қаласынан 300 бала Шығыс Қазақстан облысындағы лагерьде демалатын болады.

Олар  аймақтағы Жидебай мен Қатонқарағайдағы тарихи орындарды аралады. Семей өңіріне келген балалар негізінен Қарағайлы сауықтыру кешеніне орналастырылды.  Бүлдіршіндер бой сергітіп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтетін түрлі  ойын-сауық тарға да қатысты. Жалпы бүгінге дейін облысқа 220 бала келді. Олар Глубокое, Қатонқарағай аудандарындағы лагерлерде жатыр. Ал Өскеменге келген арыстық балалар қала сыртандағы  демалыс кешендеріне орналасты. Олар қаладағы музейлерді аралап, осы өлкенің тарихмен танысып, кино көрді. Демалыс соңында әр балаға облыс атынан естелік сыйлықтар берілмек. Ең негізігсі, денсаулықтарын түзеп, толық медициналық тексеруден өтіп қайтады.

Әсем Нүсіпова, облыс  әкімінің орынбасары: 

- Бүгінге дейін барлық баланы медициналық тексеруден өткіздік. Денсаулықтарнын жақсату үшін қолдан келген көмекті береміз. Әрбір лагерде дәрігерлер де  жұмыс істейді.Демалыстың соңында әр балаға облыс атынан спорттық-киім кешек те береміз.

Хабар 24 телеарнасы