385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысынан 206 отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған

  • 181
  • UPD: 08:43, 26.07.2019
Түркістан облысынан 206 отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған

Жыл басынан бері Түркістан облысынан еліміздің солтүстік өңірлеріне 206 отбасы қоныс аударды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен олар Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына көшіп барған. Жартысынан көбі еңбекке жарамды тұрғындар. 204 адам жұмысқа орналасса, сегізі өз ісін ашқан. Кәсіппен айналысуды жөн көргендер жеңілдетілген шарттармен жер учаскесін және бос тұрған ғимарат алуға мүмкіндік алады. Жақында Түркістан облысындағы Жетісай ауданында аймақаралық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда екі қолға бір күрек таппай жүргендерге Қазақстанның солтүстік өңірлерінен 4 мыңдай жұмыс орны ұсынылды. Әсіресе білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласындағы мамандарға сұраныс жоғары болды.

Хабар 24 телеарнасы