386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин халал өнімдерін дамытудың жол картасын Үкіметке енгізуді тапсырды

  • 158
  • UPD: 15:07, 30.07.2019

Биылғы алты айда мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5% өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтсақ, сиыр етін өндіру 477 мың тоннаға жетіп, ішкі сұраныстың 98 процентін қамтамасыз етті. Былтыр сиыр еті бойынша экспорт көлемі 19,9 мың тоннаға, қой еті 3 мың тоннаға жеткен. Дегенмен бүгін Үкімет отырысында Асқар Мамин мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі әлі де аз екенін атап өтті. Айтуынша, Қазақстанда көрсеткіш 35 проценттен аспайды. Ал Ресейде – 40, Беларусьте – 50 процент. Тіпті Еуропалық одақ елдерінде 80 проценттен астам. Премьер-министр осы ретте жауапты органға мал шаруашылығын дамытуға бағытталған инвестицияны көбейтіп, экспортты арттыруға басымдық беруді тапсырды. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

– Әлемдік үрдістерді ескере отырып, халал өнімдері экспортын дамыту қажет. Отандық халал өнімдерінің мұсылман нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілігі осы өнімдердің халықаралық талаптарға сәйкестігін бақылау жүйесін дамытуды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 15 тамызға дейін халал өнімдерін дамыту жөнінде жол картасын Үкіметке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын.

Хабар 24 телеарнасы