386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 50-ге жуық жаңа инвестициялық жоба қолға алынады

  • 145
  • UPD: 07:50, 04.08.2019
Ақтөбеде 50-ге жуық жаңа инвестициялық жоба қолға алынады

Ақтөбеде 50-ге жуық жаңа инвестициялық жоба қолға алынуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде тәуелсіз экономикалық аймақ құрылады. Қазір техно-экономикалық негіздеме жасалуда. Жергілікті билік бұл мақсатта 1200 гектар жер бөлуді көздейді. Мәселен, 400 гектар жер қазақ-түрік индустриялық паркінің құрылысына беріледі. Сәйкесінше, басқару жүйесі де түрік моделі негізінде болмақ. Бірінші кезекте өңірде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға күш салынады. Саланы тиісті деңгейде қамту мақсатында трансұлттық компанияларды тарту көзделуде.

Әнуар Асылов, «Ақтөбе» ӘКК департамент басшысы:

- Біз белгілі бір салаға тоқталып қалмаймыз. Жеңіл өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығы да болуы мүмкін. Бастысы терең өңдеу жасап, дайын немесе жартылай дайын өнімдерді шығару көзделуде.

Хабар 24 телеарнасы