387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Курчатов қаласын абаттандыруға 150 млн теңге бөлінді

  • 122
  • UPD: 09:27, 21.08.2019

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласын абаттандыруға 150 млн теңге бөлінді.

Бұл қаржы шаһардағы 11 ауланы жаңалауға, алея салуға және қылқан жапырақты саябақты жөндеуге жұмсалды. Яғни ескірген демалыс орны қоршалып, тынығушылар жүретін жерге тас төсеу көзделген. Үш бірдей фонтан салынып, 50 орындық қойылады. Сонымен қатар жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы қазіргі таңда қала көшелерінің барлығына жарықшамдар орнатылған. Оның 500 ден астамында энергия үнемдейтін диодтық шамдар тұр. Және де қауіпсіз қала жобасы аясында 160 сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді.  

Арман Тоқпақов, Курчатов қаласының ткш бөлімінің басшысы:

- Курчатов қаласын абаттандыру  мақсатында 11 аула жасалып жатыр. Бүгінгі күні көлік өтетін жерлері және тұрақтары қалпына келтірілуде. Сонымен қатар Олимпийская көшесіндегі аллеяда да құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда балалар ойын алаңы салынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы