386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ елімізді Орталық Азиядағы басты серіктесі санайды

  • 136
  • UPD: 09:31, 21.08.2019

АҚШ елімізді Орталық Азиядағы басты серіктестіктерінің бірі санайды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы табысты жұмысынан кейін мәртебесі тіптен жаңа сипатқа ие болды.

Қазіргі уақытта алдыңғы орында экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, инвестиция көлемін ұлғайту, білім және мәдениет саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері тұр. Ондағы ғылыми топ өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның  интеграциялық бастамаларды жүзеге асыруға және Орталық Азияның көліктік-транзиттік әлеуетін пайдалануға толық мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуде белсенді рөл атқаруды жалғастыруы керек деп санайды. Айте кетейік, Америка Құрама Штаттарының біздің елімізге деген қызығушылығы екі мемлекет арасындағы тұрақты сапар алмасудан байқалады.

Стивен Лакс, Сиракуз Университетінің департамент директоры:

- Қазақстан ішкі реформаларымен де, Орталық Азиядағы мәртебесімен де беделге ие.  Онда геосаясатқа, экономикалық дамуға және энергетика саласындағы көптеген мәселелерге назар аударылған. Осы және басқа факторлар Қазақстан мен Орталық Азияны тартымды етеді. АҚШ-тың мемлекеттік басқару жүйесіне, демократияға өзіндік көзқарасы бар. Сіздердің елдің де, Өзбекстанның да, америкалық тәжірибеге қызығушылығы артып келе жатқандығы байқалады.

Хабар 24 телеарнасы