387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында өрт салдарынан 1200 гектар орманды алқап шекті

  • 129
  • UPD: 12:18, 22.08.2019
Қостанай облысында өрт салдарынан 1200 гектар орманды алқап шекті

Биыл Қостанай облысында өрт салдарынан 1200 гектар орманды алқап пен 20 мың гектардай далалы жерлер зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, өткен жылға қарағанда қызыл жалын шарпыған аумақтар 50%-ке ұлғайған. Әсіресе, тілсіз жаудың Қарабалық ауданындағы Михайлов орман шаруашылығы мен Науырзым қорығына келтірген залалы орасан. «Бұған тек ыстық ауа райы ғана емес, табиғат аясында демалушылардың салғырттығы да себеп», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. Бүгінде өрттен болған шығын көлемі 70 миллион теңгеге жуықтаған. Аймақ бойынша өрт қауіпсіздігі кезеңі қараша айына дейін созылады.

Азамат Орынбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірігіп облысымыз бойынша 33 мобильді топ құрылды. Оның басты мақсаты – біріншіден, орман ішінде демалып жатқандармен өртке қарсы нұсқаулықтар өткізу. Міндетті түрде шөп шабатын жерлерде, егін орағы басталды ұжымдармен кездесіп, насихат жүргізу. Жалпы жыл басынан орманда 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Хабар 24 телеарнасы