387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық ғалымдар ағын суды тазартудың тың технологиясын ойлап тапты

  • 110
  • UPD: 09:13, 09.09.2019

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универститетінің қызметкерлері тіршілік көзін тазалайтын кешенді желі жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Ол түрлі химиялық заттар қосылған суды да ішуге жарамды етеді. Бұл желі 100 литр лай суды 25 минутта тазартып шығарады. Міне, қараңыз....

Бұл ішуге жарамайтын техникалық су. Ол ол ма, инженер Варвара Рубе оған арнайы реактив қосып еді, су тұнбаланып кетті.

Варвара Рубе, инженер:

- Технологиялық желі еріген химиялық қоспаларды кетіреді. Ал, судың сапасы жоғалмайды. Нәтижесінде осындай таза су шығады. Міне, түсі де өзгерген. Тап – таза. Енді оны пайдалануға болады.

Экологиялық жобаны Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универститетінің қызметкерлері жүзеге асырды. Олар «Ғылым қорынан» 143 млн теңге ұтып алды.

Нұртас Әлішер, ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ жобалау дирекциясы директорының м.а:

- Аталмыш университеттің ғалымдары өз лабораторияларында судың құрамын зерттеп, анықтап, жаңа технологиялар арқылы соны тазалап, тазартуға болатынын дәлелдеп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін жасағаннан кейін бізден осындай қаржыландыруға ие болып отыр.

Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда өндірістік сулар сирек тазартылады. Көбіне-көп химиялық заттармен бірге өзендерге ағып кетеді. Сондықтан бұл жобаның маңызы айтпаса да түсінікті.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев Петропавл

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы