387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлікке мініп желіккен жастар жүгенделмей жүр

  • 124
  • UPD: 18:19, 12.09.2019

Балалардың қауіпсіздігіне алаңдауымыздың да жөні бар. Алматы көшелерінде жүгенсіз жүргізушілер азаяр емес. Жыл басынан бері жол ережесін бұзған 78 дерек тіркелген. Әсіресе желіккен жастарды жөнге салу оңай болмай тұр.

6 қыркүйек. Алматы. Әл-Фараби даңғылы. Темір тұлпарын артымен айдаған мына жігіт өзге жүргізушілердің үрейін алды. Машина ішінде басқа да жастар отыр. Олар да қымсынар емес. Бұл жолы жүргізуші 100 мың теңге айыппұлмен құтылды. 

Жандос Мұраталиев, қалалық ПД ӘПБ бастығы:

- Жүргізушісін тауып оның толық түсірілген фото-бейне материалдарды көтеріп оған алты хаттама толтырылды. Ол біріншіден, мына Шығыс айналма жолында артпен жүріп бара жатқаны үшін, екіншісі осы автокөлігіне жалған номер таққаны үшін.

Мына жігіттің де түрі таныс болар. Иә, сол Назар Роллан ғой. Елдің назарын аударамын деп, былтыр екі рет тәртіп бұзып еді. Өзінің де, өзгелердің де өміріне қатер тудырды. 7 тәулікке қамалып, айыппұл төледі. Атың шықпаса жер өрте деген осы.     

Назар Роллан, қала тұрғыны:

- Мен бұны хайп үшін істедім. Қазір байқасаңыздар видеоблогерлікті қолға алдым. Аудиторияға тез танылу үшін осындай қадамға бардым. Әрине дұрыс емес.

Тілші: әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолы желіккен жастардың бұдан басқа да сорақылықтарының куәгері. Қарама-қарсы бағытпен жүру бер жағы, үйлену той кортежіндегілердің аспанға оқ атқан кездері де болды.

- Крузак без номера.... Боже стреляют.

Әсіресе ереже бұзу сенбі, жексенбі күндері жиі болады. Жыл бысынан бері осындай 78 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жазушы Қали Сәрсенбай «мәселе айыппұлмен шешілсе мұндай жөнсіздіктер баяғыда басылар еді» дейді. 

Қали Сәрсенбай, жазушы:

- Отбасы құндылықтары күрделі өзгерістерге ұшырады. Дүниенің бәрін байлықпен өлшейді. Басқа да құндылықтармен өлшейді. Біздің мына ұғымға сай емес. Ал оның бәрін сол үйдегі, отбасында тәрбиеленіп отырған бала тыңдап өседі. Сондықтан оның ұғымында осындай болу керек, осылай өмір сүру керек деген жағдай қалыптасады. Бұның ең түбірі сонда. 

«Мәселені шешудің бір жолы отбасылық тәрбие мен мәдени құндылықтарды нығайту» дейді жазушы. Тіпті Балтық елдері секілді орта мектептерде «Театр» пәнін енгізуді ұсынып отыр. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы