387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда цифрландыру және инвестиция жөнінен форум өтті

  • 173
  • UPD: 10:13, 14.09.2019
Оралда цифрландыру және инвестиция жөнінен форум өтті

Батыс Қазақстан облысында биыл 60 елді мекенге, ал келер жылы қалған 32 ауылға оптика-талшықты байланыс желісі тартылады. 

Осы арқылы шалғай ауыл тұрғындары да мемлекеттік қызмет түрлеріне электронды түрде қол жеткізіп, цифрлық технологиялардың игілігін көре алады. Бұл туралы Орал қаласында өткен цифрландыру және инвестициялар форумында айтылды. Форумға 20 шақты шетел компанияларының өкілдері мен 30-ға жуық Ай-Ти ұйымдардың жетекшілері қатысты. Күні бүгін өңірде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде 100-ден астам цифрлық жоба жемісті жүзеге асуда. Жыл аяғына дейін іске қосылуы тиіс жобаның бірі геоақпараттық портал. Сайт арқылы жер қатынастары саласындағы түрлі қызметті үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік туады. 

Валерий Светлаков, IT компания өкілі:

- Бұл портал инвесторлар мен кәсіпкерлерге, тұрғындарға арналған. Мұнда жер қоры, қала құрылысы  жайлы детальді деректер бар. Осы жылдың аяғына дейін жер қатынастарына қатысты 30 процедура автоматтандырылады,содан соң сәулет және қала құрылысы кезекте тұр. Сонда адамдар мемлекеттік органдарға бармастан жер телімдерін алып, құрылысқа, инженерлік коммуникацияларға қосылуға рұқсатты рәсімдейтін болады. 

Сәкен Нұртазаев, облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысы:

- Осы форум аясында 5 меморандумға қол қойылады. Бұл меморандум мақсаты зауыттарды автоматтандыру. Екінші мәселесі осы жерде өңірде оқитын студенттердің акселерация мәселесін, стартап мәселесін қолдау мәселесі көтеріліп, осы меморандумға қол қойылады.

Хабар 24 телеарнасы