389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жол апатының жартысына жуығында жүргіншілер зардап шеккен

  • 225
Алматы облысында жол апатының жартысына жуығында жүргіншілер зардап шеккен

Алматы облысында өткен 8 айдың ішінде 1500-ден астам жол-көлік апаты тіркелді. Соның салдарынан 317 жолаушы мерт болып, 2150 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Еліміз бойынша тап осы Жетісу өңірінде жолдағы өлім-жітім көрсеткіші өте жоғары болып тұр. Жол апаттары да жиілеп барады. Өткен жылы 8 айда 1330 жол-көлік апаты тіркелген. Бұл өңірдегі ең қауіпті жолдардың қатарына Алматы-Өскемен, Алматы-Бішкек және Алматы-Көкпек-Көктал тас жолдары кіреді. Облыстағы барлық жол апаттарының төрттен бір бөлігі жоғарыда аталған жолдарда болады екен.

Айжан Алибайқызы, облыстық жпқ аға инспекторы:

- Облыс аумағында тіркелген барлық жол-көлік апаттарының 42 пайызы жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғасына қатысты. Салдарынан 112 адам көшеде көз жұмып, 543 жаяу жүргінші жарақат алды. 359 жол апаты балалардың қатысуымен болды. Осындай оқыс оқиғалар кезінде 29 бала ажал құшып, 423 жас жеткіншек жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы