389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің барлық өңіріне қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы енгізілмек

  • 180
  • UPD: 19:32, 26.09.2019
Еліміздің барлық өңіріне қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы енгізілмек

Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңіріне қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы енгізіледі.

Бұл жоба қазір елордада тиімді жұмыс істеп тұр. Сенатта бюджетті басқаруды цифрландыруға қатысты өткен жиында осындай ақпарат айтылды. Жаңа сервис қалалық ортаны жақсарту және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында құрылған. Картада жолдарды жөндеу және салу жөніндегі деректер, мектептер, емханалар секілді барлық әлеуметтік нысандарға бөлінген қазына қаражаты жөнінде ақпараттар көрсетіледі. Қазір бас шаһар әкімдігі «қатысу бюджеті» деген тағы бір жобаны қолға алған. Қаланың әрбір тұрғыны осы цифрлық алаңды қолдана отырып, өзінің кез келген тың жобасын ұсына алады. Жобасы тиімді болса, қалалық әкімдік қаржыландыруға дайын.

Мәлика Бектұрова, қала әкімінің орынбасары:

– Біз биыл қалада «Қатысу бюджеті» жобасын іске асырдық. Сарыарқа ауданымен жүзеге асқан болатын. Осы жобаның ең бірінші мақсаты – қала тұрғындарын және осы бюджетті қалай қалыптастыруға болатынына қатысу. Қала тұрғындары өз ынтасын көрсетті. Жалпы алғанда 2 жоба келіп түсті. Қазіргі таңда 9 айдың ішінде 14 жоба іске асты.

Хабар 24 телеарнасы