389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы полиция бөлімшелерінде 12 фронт-кеңсе жұмыс істейді

  • 146
  • UPD: 21:32, 05.10.2019
Ақмола облысындағы полиция бөлімшелерінде 12 фронт-кеңсе жұмыс істейді

Ақмола облысында құқық қорғау жүйесі сервистік қызмет көрсету моделіне ауыса бастады.

Қазір ол үшін өңірде қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде арнайы 12 фронт-кеңсе жұмыс істеп тұр. Олар бір терезе қағидасына негізделген. Яғни барлық ақпаратты бір жерден алуға болады. Мамандардың айтуы бойынша, бұл уақытты үнемдеп, қағазбастылықтан арылуға жол ашады. Сондай-ақ мұнда келгендерге мемлекеттік қызметтің бірнеше түрі көрсетіледі. Айта кету қажет, жалпы күніне шахарда 100-ден астам азамат тәртіп сақшысының кеңесіне жүгінеді.

Серікжан Сыздықов, Щучинск қаласының тұрғыны:

– Айыппұлды төлеуге қатысты ақпар алайын деп арнайы келдім. Толғандырған сұрақтарыма толыққанды жауап ала алдым. Бастысы бұрыңғыдай шапқылау жоқ. Оның үстіне полицейлер, азаматтық киіммен отырады екен. Бұл қарапайым халық үшін өте ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы